30 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Атадан бата алған балалар
1 081 Views
Жақсылық ауылындағы Қызылпан Сұлтанбеков атындағы мектептің бірінші сыныбына биыл 32 бүлдіршін келіп отырды. Иә, әдеттегідей мектепте алғашқы қоңырау соғылған жоқ. Дегенмен, 52 оқушы алғашқы сабақтарын бастап та кетті. Биылғы оқу жылында 420 шәкірт білім алады. Індетке байланысты жоғары сыныптың оқушылары онлайн режимде қашықтықтан дәріс алуға көшті. Оқу ісінің меңгерушісі Райхан Түменбаеваның айтуына қарағанда, биыл бірінші сынып партасына отырған шәкірттер 30 минуттан, екінші сыныптар 40 минуттан дәріс алады екен.
Бастауышқа отыз жылдық тәжірибесі бар Жанат Қашқымбаева мен сабақ бергеніне он жыл болған Дина Бейсенбаева бекітіліпті. Шәкірттер бес кезекші топқа бөлініп екі сағат қана сабақта отырады. Иә, жылдағы дәстүрге сай қоңырау соғылмайтыны мұғалімдерді қатты қынжылтқан. Әйтсе де, ұстаздар осынау символикаға айналған қоңырауды бірінші сыныпқа келген Жәния Қайратқызына ұрғызып, ауылдағы ғана емес бүкіл аудандағы мұғалімдердің атасы, байырғы ұстаз Әшімбай Әбдіхалықовтың үйіне келіп, қарттың батасын алды. Бұл да болса бірінші рет мектеп есігін ашқан бүлдіршіндерге берген қарт мұғалімнің онлайн-батасы болды.
С.Шамин.
Қ. Сұлтанбеков мектебі.

