Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
103 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Нұржан Әуесбаев қысқа қашықтыққа жүгіруден облыс бойынша үздіктер санатында. Ол көптеген облыстық, республикалық жарыстарда атой салған. Пандемияның салдары спорттық іс-шаралардың өтуіне тұсау салғаны анық. Әйтпеген күнде біз Нұржанды талай додаларда жеңімпаз немесе жүлдегер болатынын сан мәрте көретін едік.
Қайбір жылы Нұржан республикалық жарыстан олжамен оралды. Сонда онымен аздап сыр бөліскенбіз. Өте намысшыл оқушы. Осындай жетістіктерге ұстазы Жүніс Бектемишевтің айтқан ақыл кеңесінің арқасында жетіп жүргенін, салауатты өмір салтын ұстанған адамның дені де сау болатынын айтты ол сол кезде. Нұржан Әуесбаев Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы тестілерінен өткен жарыста жүлдегер атанған оқушы. Ол сондай-ақ, Шымкент, Қарағанды және Өскемен қалаларында өткен республикалық додалардың да жеңімпазы әрі жүлдегері.
Марат Диханбай.