Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
12 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Өмірін өнермен өрнектеген жандар әрдайым көпшіліктің ықыласына бөленері анық. Өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген сондай жандардың бірі – Қорағаты ауылының тумасы, актер Ерғали Төлебаев. Жерлесіміз осы уақытқа дейін «Армандастар», «Шалғайдағы оқиға», «Ғашық жүрек» және т.б. осы секілді кино туындыларда ерекше рөлдерді сомдап, көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Жуырда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен М.Өзбеков атындағы мәдениет үйіндегі «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде талантты актермен кездесу өткен еді. Ауданымыздың белсенді жастары мен БАҚ өкілдері қатысқан отырыста өнер, еліміздегі кинофильмдердің кеңінен өріс алуы жөнінде кесек-кесек пікірлер айтылды. Өз кезегінде Ерғали Төлебаев: «Мен киноға келу жолында түрлі соқпақтарды бастан өткердім. Осы ретте Бекжан Тұрыс, Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды секілді талантты әрі дарынды актерлермен қоян-қолтық жұмыс істеп, үлкен тәжірибе жинадым. Ендігі менің мақсатым – осы өнер жолында аянбай еңбек етіп, қазақ киносының дамуына тамшыдай болса да, үлес қоссам деймін» — деп алға қойған жоспарларымен бөлісті.
Ақымет ҚАМШЫБЕК.