Ағаш көшеттері отырғызылды
28 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққан күні. Осыған орай, өткен сейсенбіде аудан орталығындағы Ауған соғысы жауынгерлерінің құрметіне қойылған ескерткіш жанында еске алу митингісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов қатысып, сөз сөйледі. Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде қазақ ұлтының жауынгерлік үлгісін көрсете білген ауданымыздағы Ауған соғысының ардагерлері қандай құрметке болса да лайық екенін айтты. Ал Қожайхан Қазыбайұлы Ауған ардагерлерінің рухты сөздері бүгінгі өскелең жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін тілге тиек етті. Содан соң іс-шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Онда аудандық мәслихат хатшысы Ербол Әбутәліпов пен аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Ерлік Шабеев сөз сөйлеп, бір топ ардагерлерді аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапаттады. Іс-шара Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетейік, Ауғанстанға біздің ауданнан 120 жауынгер аттанған. Майдан шебінде Базарбай Ахметов пен Райс Серғазиев қаза тапты. Оларға «Қызыл жұлдыз» ордені берілді. Ал Александр Новак екі аяғынан айырылып, мүгедек болып оралды. Ол «Ленин» орденін алған.
Марат Диханбай.