Ақсақалдары бата беріп, ағалары ат мінгізді

658 Views

Бүгінде Тұрар Рысқұлов ау­данында бұқаралық спорт қа­рыштап дамып келеді. Оған Көкдөнен ауылының он алты жасар тұрғыны Ерсін Стан­бектің Швеция­ның Стокгольм қаласында жаса­ған ерлігі айқын дәлел бола алады. Аталмыш қалада өт­кен дүбірлі додада ол қол күрес­тен чемпион атанды. Мін­бенің ең биік тұғыры­нан көрін­ген Ерсінді сейсенбі күні көкдөнендіктер ыстық ықыласпен күтіп алды.
Ерсін бала кезден спортқа жақын өскен жігіт. Жастайынан оның дарынын мектеп мұғалімдері байқап, сан түрлі жарыстарға қосқан. Мектеп оқушылары арасында мерейі үстем болып, жүлделі орындардан көрініп келген. Біз ол туралы газетіміздің өткен сандарында да жазған болатынбыз.
Күні кеше ол тағы да бір биікті бағындырып, туған өлкеге жеңіспен оралды. Көкдөнендегі көпшілік Швециядан келген чемпионды зор ықыласпен күтіп алды. Салтанатты шара барысында оған ауыл ақсақалдары бата беріп, жергілікті жұртшылық құны 1 500 000 теңге тұратын таза қанды ағылшындық арғымақты сыйға тартты.
Жиын соңында сөз сөйлеген жас спортшы барша қолдаған жерлестеріне өз атынан алғысын жеткізді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: