Келелі жиын өтті
19 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Наурыздың алғашқы күнінде үлкен саяси оқиға – «Nur Otan» съезі өтті.
Кезектен тыс XXII съезі онлайн форматта өтіп, нәтижесінде партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы шешім қабылданды.
Қазақтың жалпақ тілінде «аманат» деген ұғым бар. Бұрынғы аталарымыз өзінің мал-мүлкін, өмір-ғұмырын аманат деп біліп: «Алланың аманатқа берген жанын, кезегі келгенінде тапсырамын» деп жырлаған. Демек, аманат – адамгершіліктің шыңы, ардың айнасы. Алдағы уақытты «AMANAT» партиясы мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партияға айналатынына, халық мұрасын сақтаушы әрі мемлекеттік мүддеге адал, қоғам игілігіне жұмыс істейтініне сенемін.
23 жылдық тарихы бар партия қазіргі кезеңнің күрделілігі мен жауапкершілігін ескере отырып, қысқа уақытта Съезді жұмыла ұйымдастыра білді. «Қайта жаңғырту» бағдарламасын ұсынды. Жаңа Қазақстанның дамуы жағдайында еліміздің жетекші саяси партиясының бірлігі мен ұйымдастырушылық әлеуетін көрсетті.
Президентіміз партияның трансформациясы тек атауын өзгертумен ғана шектелмей, қоғамның сұранысына қарай толығымен өзгертілетінін атап өтті. Партияны модернизациялаудағы 7 басымдылықтағы 6 партиялық жобалар мен жаңа жобаларды іске қосу халық тұрмысын жақсартуға оңтайлы деп ойлаймын.
Партияға «Жаңа Қазақстан» бағытын жүзеге асырудың негізгі локомотивтерінің рөлі жүктелген. Бұл қалыптасқан партиялық құрылымның, бастауыш ұйымдарының көптігінің, барлық өңірлердегі филиалдарының және «Жас Отан» жастар қанатының арқасында мүмкін болып отыр. Осылайша, ел Президенті партия Съезінде сөйлеген сөзінде саяси күштер мен қоғамды «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы негізгі міндеттерді шешуге жұмылдырады.
Парламентте, жергілікті мәслихаттарда конституциялық басымдыққа ие. Үкімет пен жергілікті атқарушы билікті қадағалайтын партия ретінде мемлекетті дамытуға, оны озық елдердің қатарына қосуға, халық тұрмысын жақсартуға күш саламыз.
Партия өз жұмысын барынша ашық етеді. Енді қоғамдық кеңестердің отырыстары эфирде көрсетіледі, азаматтар өтініштерін шағымдар мен өтініштерді бақылау жүйесі арқылы бақылай алады.
Мұндай қадамдар билік, партия және халық арасындағы жаңа диалог мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймын.
Осындай шуақты мерекеде жаңарған партиямыз атына заты сай болады деп сенемін. Себебі, егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз бізге бабалардан жеткен аманат. Ал осы аманатты халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпақтарға жеткізу – ел тұтқасын ұстаған бас партия үшін ең үлкен жауапкершілік.
Қ.Арыстанбеков,
«AMANAT» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалының атқарушы хатшысы.