ЖАҢА ҮШ ОБЛЫС ПАЙДА БОЛАДЫ

417 Views

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауы өзінің нақтылығымен және мақсаттылығымен ерекшеленді.
Жолдауда қазіргі уақытта өзек­ті деп саналатын күрмеуі қиын мәсе­ле­лердің барлығы дерлік қам­тылды. Негізгілерінің бірі – облыс орталықта­рын қайтару. Халықтың көкейінде жүрген үлкен мәселе Абай, Ұлытау, Жетісу об­лыстарын құру көпшіліктің көңілі­нен шықты. Бұл – үлкен қа­дам және жақсы жаңалық болды деп ой­лай­мын. Себебі, бүгінде Ұлытау, Семей, Талдықорған өңірінен тұрғын­дар көшіп жатыр. Басты проблема – жұмыссыздық. Енді бәрі өзгеруі тиіс.
Мемлекет басшысы аталған қалаларға екінші өмір сыйлады. Бұл – үлкен жұмыс. Сонымен қатар, Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізілетінін тілге тиек етті. Бұл – батыл қадам. Соның ішінде тілге қатысты заң қабылданса екен деген тілек бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мүддеге, халыққа деген адалдығын тағы бір мәрте көрсетті.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жол­дауы біздің ардагерлеріміздің өміріндегі ең маңызды оқиға. Жолдауда ел мен қоғамның одан әрі дамуының пайымы баяндалып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер белгіленген.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының негізгі бағыттарын жарқын болашаққа айқындайтын маңызды құжат екендігі айдан анық.

Қожайхан БИЖАНОВ,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.

Поделиться ссылкой: