1 480 Views
– Жұмыс істейтін жастардың тұрғын үйге қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру мақсатында әзірленген «Әулиеата жастары» бағдарламасымен жастарға үй беру биыл басталады. Тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және оған қолданыстағы бағдарламалардағы тұрғын үй мәселелерін интеграциялауды көздеген жаңа бағдарламаға қатысу үшін үйсіз жастар өтінішті «Egov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы жолдайды. «Әулиеата жастары» бағдарламасына қатысу үшін қатысушыларды іріктеу тәртібі санаттар бойынша тізімдерге кезекке сәйкес қосу жинаған балының санымен (ең көп балл саны бойынша) анықталады. Мұндағы қосылатын балл комиссия отырысында өтініш берген жас азаматтың некеде тұрған әрбір жылына, бала санына және жұмыс өтіліне, облыста тұрған уақытына қарай, сонымен қатар «Отбасы банкіндегі» бастапқы жарнасы 5 пайыздан асса, оған да 2 балл берілетінімен есептеледі. Осы есептеумен ең жоғары балл жинаған жас аталмыш бағдарлама бойынша үй алу мүмкіндігіне ие болады.
Тұрғын үй заемдарын бөлу бөлек санаттар (салалар бойынша) бойынша жүргізіледі:
1. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Атап айтқанда, Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында жұмыс істейтін жоғары және орта буын медицина қызметкерлері.
2. Білім саласының қызметкерлері. Атап айтқанда, Жамбыл облысының білім саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерінде жұмыс істейтін, тиісті жоғары және орта білімі бар педагог қызметкерлері.
3.Мәдениет саласының қызметкерлері. Атап айтқанда техникалық персоналды қоспағанда, мәдениет саласындағы шығармашылық одақ мүшелері, мәдениет саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекеме ұйымдарының қызметкерлері. Сондай-ақ, Жамбыл облысының мәдениет басқармасының жанында сәйкес анықтама беру арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас композиторлар, жас музыканттар, жас артист-актерлар, жас кинематографистер (актерлер, режиссерлер, сценаристер, операторлар, продюсерлер, суретші-безендірушілер) жас жазушылар, жас суретшілер, жас қолөнершілер, жас мүсіншілер, жас дизайнерлер, жас архитекторларды іріктеу үшін комиссия құру жоспарлануда.
4.Спорт саласының қызметкерлері. Атап айтқанда, Жамбыл облысының спорт саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар.
5. ЖОО және ҒЗИ қызметкерлері. Атап айтқанда, ұлттық жоғары оқу орындарының, мемлекеттік қалалық және республикалық ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері.
6. Журналистер. Атап айтқанда, тікелей өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлері.
7.Әлеуметтік сала қызметкерлері. Атап айтқанда, техникалық персоналды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер.
Лауазымдар тізімімен сайттан танысуға болады.
Өтінім берушілердің балы тең болған жағдайда өтініш пен құжаттарды беру уақыты мен ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады.
5.1 «Әулиеата жастары» жеңілдікпен несие беруге арналған бағдарламасының шарттары:
• Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 миллион теңгеге дейін;
• Несие беру уақыты – 19 жыл;
• Пайыздық мөлшерлеме – 5 пайыз;
• Бастапқы жарна – 5-50 пайыз (кепілмен қамтамасыз ету жеткілікті болған жағдайда, не жылжымайтын мүлік түрінде қосымша кепіл не «Отбасы банкінде» депозит болғанда).
Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
• Қамту – 100 адам.
• Өтініш пен құжаттарды беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады;
5.2 «Әулиеата жастары» жеңіл-дікпен несие беруге арналған бағдарламасының талаптары:
1. Қазақстан Республикасының aзаматтығы;
2. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасы ескерілмейді (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
3.Қатысушының Жамбыл облысында соңғы 2 жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы, сонымен бірге өтініш беру кезінде, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және т.б.) Жамбыл облысында тұрақты тіркеуі болуы тиіс;
4. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті қоспағанда;
5. Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Жамбыл облысында кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала (санаттағы неғұрлым толық сипаттамамен («Әулиеата жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысу үшін қатысушыларды іріктеу тәртібі қандай) бөлімінен танысуыңызды сұраймыз.
6.Қосымша Жамбыл облысында тіркелген, бір жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).
Әбіләшім Мырқасымов,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры.
Поделиться ссылкой: