«Мектептен тыс тәрбиелеу әдістері арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналды

584 Views

Аудандық білім бөлімінің және балалар мен жасөспірімдер орта­лығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, жақында Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде мектептен тыс тәр­биелеу әдістері арқылы тұлғаның шы­ғар­машылық мүмкіндіктерін дамы­ту, теорияны тәжірибелік іс-әрекетпен ұштастыру мақсатында «Мектептен тыс тәрбиелеу әдістері арқылы балалар­дың шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинарға қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, орын­басарлары, қосымша білім беру педа­гогтары және жалпы білім беретін орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинарды аудандық білім бөлі­мінің басшысы М.Базарова сөз сөйлеп ашып, мекеме әкімшілігін және семи­нарда ашық сабақ, шебер, тәжірибеліксабақ көрсететін мұғалімдерге сәтті­лік тіледі.
Бағдарлама бойынша теория­лық бөлімде «Қосымша білім беру жүйесінде мектептен тыс ұйым­дардың оқу-тәрбие үдерісіне қа­тысты мемлекеттік әдістемелік және нормативтік құжаттары туралы» баян­дама оқылды. Семинар барысында келген қонақ­тарға үйірме тәрбиеленушілерінің арнайы дайындаған «Өнерге қанат қаққандар» атты балалар шығар­ма­шылық концерті көрсетілді. Концерт облыстық «Ақ шағала» би байқауының жүлдегерлері «Жас бишілер» тобының әсем биімен ашылып, аудандық «Жас Ұлан жұлдызы!» ән байқауының же­ңімпазы «Жас қанат» квартетінің бір­неше әндерімен, «Домбырашылар» ансамблінің күйімен, облыстық көр­кем сөз оқуларының шеберлері Дильназ Төлен мен Алина Тоқтардың өлең оқуымен жалғасты. Концертті меке­менің өнерлі оқушысы Ажихан Жұлдыз жүргізе отырып, орталықтың «Іңкәр сән» үйірмесінің жетекшісі Азата Ырғалбекованың, үйірме тәр­биеленушілерінің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы сән үлгілерінің топ­та­­масымен таныстырылым жасады.
Практикалық бөлімде «Іңкәр сән» үйірмесінің жетекшісі А.Ырғалбекова «Тігіссіз пішу арқылы жасалатын жамылғы», «Бояулар әлемі» үйірмесі­нің жетекшісі Г.Нұрпаш «Тоқыма өнері арқылы сәндік брошь және шаш қыс­тырғыш», «Сәулет және дизайн» үйір­месінің жетекшісі Ұ.Мамырбаева «Балауыз арқылы коллаж, декоратив­ті кішігірім кілт ілгіш», «Киімді құрас­тыру және үлгілеу» үйірмесінің же­текшісі Н.Шыныбекова «Ши тоқу және орау», «Домбыра» үйірмесінің же­текшісі Г.Айымбекова Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні» шығарма­сын ансамбль­мен орындау тақырыбын­да­­ғы шебер сыныптарымен бөліссе, «Жас физик» үйірмесінің жетекшісі А.Тойланова «Тоқ­тың жұмысы мен қуаты», «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі С.Юсупов «Pencil 2d» бағ­дарламасы мен мульт­фильм қоз­ғалысын көрсету», «Жас талант» үйір­месінің жетекшісі Н.Джуманова «Сәндік аппликация» тақырыбын­­­дағы тәжірибелік сабақтарын көрсетіп, іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Келген қонақтардың көңіл-күйін сергіту мақсатында мекеме психо­логы С.Жабанова танымды тре­­нинг ұйымдастырды. Семинардың қо­ры­тынды бөлімінде кері байланыс (рефлекция) парағы таратылып, қаты­сушы­лар семинардан алған әсерлері, алған ақпараттары, көрген сабақтары туралы өз пікірлерін білдірді.
Семинарды аудандық білім бөлі­мінің бас маманы А.Базарқұлова қоры­тындылап, семинардың өте жо­ға­ры деңгейде ұйымдастырылға­­нын, сабақтардың көңілінен шыққанын айта келе, «QR код» және «Kahoot», «Pencil 2d» бағдарламасы мен мульт­фильм қозғалысы әдістері ұнаған­дығын айтып, осындай семинар жиі және облыс көлемінде ұйымдасты­рылса деген ұсынысын білдірді.

Г.Сейтбаева,
аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы

директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой: