Салтанатты жиын өтті

337 Views

«Біздер, біздер,
Патшадан да паңдармыз.
Біздер, біздер,
Біреулерге арманбыз.
Барды «бар» деп,
Жоқты «жоқ» деп жасырмай,
Бақытынан қашып жүрген жандармыз.
Біреулердің оғы жоқ боп атарға,
Біздер жүрміз қатерлі бір сапарда.
Жыртығыңды жамап беріп жатса да,
Ешкім бізді қоса алмайды қатарға». Мәдениет саласының мамандары жұмысының ынты-шынтысы ақын Есенқұл Жақыпбек шығарған осы «Өнер адамы» атты өлеңде жатқандай көрінеді. Рас қой. 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рүстем Қуанышбекұлы сөз сөйлеп, барша мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиында жанды дауыста Шәмші әндері шырқалды. Біз жазып өткен «Өнер адамы» әні де айтылды. Қысқасы, жақсы әсер алдық.
Жиын соңында бір топ мәдениет және өнер қызметкерлері аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапатталды.

М.Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: