Аудан жастары референдумды қуаттады

308 Views

Кеше колледж студенттерінің қатысуымен саяси науқанды қолдау бойынша акция өтті. Шара барысында Конституцияға енгізілетін маңызды қадамдар кеңінен талқыланды. Жалынды жастар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алады” деген сөзін тілге тиек етіп, Қазақстанға еркін, мықты әрі өзіне сенімді жастар қажет екендігін жеткізді. Сонымен қатар, жастар еліміздің әрбір азаматы мен азаматшасында «Менсіз-ақ шешіледі, менің дауыс беруімнен не өзгереді?» деген сияқты кереғар пікір болмау керектігін ашық айтты.

Поделиться ссылкой: