Ағаш көшеттері отырғызылды
51 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Әр азаматтың мемлекеттің маңызды мәселесіне байланысты өз үнін, пікірін білдіруге орай ұйымдастырылып жатқан референдумға медицина мамандары да үлес қосты. Ілкімді іс-шара барысында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Раушан Жұманқұлова сөз сөйлеп:
– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бұл түзетулердің еліміздің дамуында тағдырлы мәні бар. Сондықтан Конституцияға енгізілетін түзетулер бұрынғыдай Парламентте мақұлданбай, алғаш рет республикалық референдумға шығарылып отыр. Мәселен, референдумда халық талқысына ұсынылатын жер мәселесі қоғам мен мемлекет үшін өте маңызды. Себебі, бүгінде жер мәселесі қоғамда өте өзекті болып отыр. Жерге иелік ету, орнымен игеру, жер қойнауындағы байлықты ел игілігіне пайдалану мәселесі бәрімізді де толғандырады. Жаңа Қазақстанды бірігіп құратын болсақ, ендігі уақытта Қазақстанның жері, жерасты, жерүсті қазба байлықтары – барлығы халқымызға ғана заңды тиесілі болуы керек. Қолданыстағы Конституцияның 6-бабы 3-тармағында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда да жер меншігі мен оны иелену, пайдалану және билік ету мәселелері толық нақты айқындалмаған. Сондықтан Ата Заңымызға «жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі, мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы» деген норма енгізілмек. «Жаңа Қазақстанда» барлық мәселелер бірер адамның бұйрығымен емес, барлық азаматтардың белсене үн қосуымен шешіледі, – деп өз ойын жеткізді.