Айару үздіктер қатарынан көрінді
39 ViewsЖуырда Алматы қаласында республикалық «Ауыл спорты» ойындары өтті. Бірінші іріктеу кезеңі әр облыста ұйымдастырылып, жарыс спорттың 7 түрінен өтті. Оған 300 ауылдан шамамен 10 000…
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде Жаңа Қазақстанды құру мақсатында саяси жаңғыру қадамдары басталды.Ал бұл саяси қадамды іске асыру үшін алдымен құқықтық негіз қалануы қажет.Сондықтан да Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек.Өзгерістер мен толықтырулардың аса маңыздылығына байланысты бұл мәселеге бүкілхалықтық референдумда дауыс беруі өте орынды шешім болды деп білемін.
Конституцияға өзгерістер біздің Жаңа Қазақстан құру жолындағы ел дамуының жаңа кезеңге аяқ басқанын білдіреді. Біз осылайша суперпрезиденттік жүйеден ықпалды Парламенті бар, есеп беретін Үкіметі бар президенттік басқару нысанындағы республикаға көшетін боламыз. Бұл-«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын бір көрінісі екені анық. Референдумның мақсаты – саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау.
Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жобасы халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын.Өйткені, Парламенттің рөлін арттыру, Үкіметтің Парламентке есеп беруі, халықтың сайлау құқығын жетілдіру, депутаттардың партиялық тізіммен қатар, мажоритарлық жүйенің енгізілуі, Президенттің саяси партиялардың бәріне ортақ болуы үшін бір партия мүшесі болудан бас тартуы және оның туыстарының мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелер мен лауазымдық басшы қызметтерде болмауы тиіс деген сияқты өзгерістердің Ата заңымызға енгізілуі елімізде қоғамдық-саяси ахуалға оң әсер етеді деп есептеймін. Осының бәрі біздің қоғамымызды алға апаратын, демократияны жаңа деңгейге көтеретін өзгерістер.
Алдағы уақытта болатын реформалардың мәні мен маңызын осы сөзден-ақ түсінуге болар.
Олай болса, мен барша жерлестерімді 5 маусым күні дауыс беріп, осы тарихи құжаттың қабылдауына өз үлестерін қосуға шақырамын.
Оразхан Ибраев,
Құлан ауылының тұрғыны, зейнеткер.