ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ

393 Views

Қазақ халқының этноәдеби қоржынында «Бірлік болмай тірлік болмас» деген тәмсіл бар. Адалын айту керек, соңғы кездері біз бірліктің, татулықтың, ынтымақтастықтың қадірін мықтап ұғынғандаймыз.
Жалпы қазақ халқы өз құшағын «өзгесің» деп жатсынбай, айқара аша білетін ұлттардың бірі. Сондықтан болар, бүгінде ұлан байтақ дархан даламызда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Дәл қазір олар «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» қағидасын мықтап ұстанады. Сол себепті де, біздің мемлекетіміз үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Тек соңғы екі жылда көрші елден келген кесапаттың кесірінен мұндай қуанышқа бөлене алмай келдік. Биыл бәрі өзгеше болмақ.
Аса қадірлі, ойы орамды оқырман! Біз бір нәрсені жақсылап ұғынғанымыз абзал. Біздің кейінгі өскелең ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – бірлік. Себебі, ел бірлігі – ең асыл қасиет. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. Сонда ғана біз елдің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын сақтай аламыз.
Бір нәрсені есте сақтаңыз!
Тұрақтылық пен ынтымақтастық – дамудың қазақстандық үлгісі.

Ж.Базылбек.

Поделиться ссылкой: