ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
53 ViewsМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай…
Мүгедектер арбасына таңылған адамның қоғамдық көлікпен жүріп-тұруы қиын екені айтпаса да түсінікті. Қазіргі таңда, бұл мәселе өз шешімін тауып, жұмыс ауыз толтырып айтарлықтай жолға қойылған. Нәтижесінде, бүгінде аудан аумағында «Инватакси» қызметі мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықты түрде қызмет атқаруда.
Алдағы уақытта аталмыш қызметтің мамандары жұмыс ауқымын кеңейтуді көздейді. Сондықтан да, сізге (мүмкіндігі шектеулі жандардың І топ мүшелеріне) «Инватакси» қызметі қажет жағдайда төмендегі телефон нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. Ескерте кетейік, қызмет түрі тегін жүзеге асырылады. Тапсырыс бір күн бұрын берілуі қажет.
Байланыс телефондары: 87752931288, 87072931288.