Шоқ тілді Шона
19 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Қазақ тілі түркі тектес тілдердің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік «тіл» қазақ тілі деп анық жазылған.
Сот саласында сот ісін жүргізу тілінің тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 30-бабында нақты көрсетілген.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы берілген тілге байланысты сот ұйғарымдарымен белгіленеді.
Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтініш хаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.
Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы сот төрелігін жүзеге асырудағы басты аспектілердің бірі болып табылады.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Атап айтқанда, ішкі ұйымдастырушылық құжаттар – өкімдер, анықтамалар қазақ тілінде шығарылады, жедел кеңестер мен олардың хаттамалары қазақ тілінде жүргізіледі. Аудандық соттарға, өзге мекемелерге құжаттар тек мемлекеттік тілде жолданады. Басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, азаматтардың арыз-өтініштеріне де жазылған тіліне қарамастан, мемлекеттік тілде жауап беріледі.
Мемлекеттік тіл мәселесі тек сот саласын ғана емес, барлық салаларда қамтылған кезде одан әрі дамып, өркендейтіні анық.
Мемлекеттік тілді өркендетсек, өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым-қатынаста боламыз. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекеттік тіл татулық тірегі болады. Қазір тілдің тағдырын шешпесек, келешек ұрпақ тілді білмей мәңгүрттенеді. Сондықтан, әрқайсымыз қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде кеңінен қолданылуына қажетті жағдай жасауға атсалысуымыз қажет. Тілді үйрену – өз ұлтыңды тану. Қазақ тілі туған тілің екенін мақтан тұту.
С.Өзбеков,
Тұрар Рысқұлов аудандық
сотының судьясы.