ТУРНИР ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

373 Views

Жуырда аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің келісімімен АТР командасының бұрынғы ойыншысы, марқұм Рашид Батаұлы Ерходжаевты еске алу мақсатында кіші футболдан турнир өткізілді.

Жуырда аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің келісімімен АТР командасының бұрынғы ойыншысы, марқұм Рашид Батаұлы Ерходжаевты еске алу мақсатында кіші футболдан турнир өткізілді.
Аталмыш турнирге округтерден барлығы 17 команда қатысып, өз мүмкіндіктерін сынап, шеберліктерін көрсете білді. Аса тартысты өткен жарыста Көгершін ауылының құрамасы 4-ші орыннан көрінсе, қарақаттықтар үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге қол жеткізді. Ал екінші орынды Луговой ауылының жастары иеленсе, турнир жеңімпазы болып Құлан ауылының АТР командасы танылды.
Жарыс барысында «Ең шебер ойыншы» болып Ералы Бегалы танылса, «Ең шебер шабуылшы» атағына Асхат Болатұлы ие болды. Ал қорғаныста қырағылық танытып, жарыстың «Ең шебер қақпашысы» атты арнайы жүлдесі Қайсар Абейсовтың қанжығасына байланды.
Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, аталмыш жарыс марқұмның туыстары мен достарының ықпалымен ұйымдастырылды.

Жәнібек Сұлтан.

Поделиться ссылкой: