100 балаға мектепке қажетті заттар таратылды
Жаз мезгілі де аяқталуға жақын. Алда күз мезгілі. Жаңа оқу жылы да басталады. Балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қоса мектеп формасын алу қажет. Ал, «оны біреудің жағдайы көтереді, біреудікі көтермейді» дегендей ғой. Республикалық «Мектепке жол» деген акция бар. Біраз жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Тұрмыстық жағдайға байланысты аз қамтылған отбасы балаларын қолдауға арналған ауқымды акция бұл. Яғни, демеуші тарапынан мектепте білім алатын аз қамтылған отбасы балаларына қайырымдылық көрсетіліп, мектепке қажетті заттар сатып алынып, беріледі.
Жақында осындай жағдайдың куәсі болдық. Аудан орталығындағы іргелі білім ошақтарының бірі Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебін 2002 жылы бітірген түлектер өздері білім алған мектепке ерекше тарту жасады. «Шекарасыз жақсылық» ұранымен аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде өткен қайырымдылық іс-шарасында олар жекелеген санаттағы 100 оқушыларға спорттық киімдер мен оқу құралдарын сыйға тартты.
М.Жолдасбекұлы.