Тәуелсіздіктің басты құжаты – Конституция
Конституцияның қабылдануы Тәуелсіз қазақ елінің қалыптасуында аса маңызды оқиға, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең үлкен жетістігіміз болды. Соттар мен судьялардың мәртебесі заңнама тұрғысында анықталып, сот төрелігін жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктерін нығайтты. Елімізде қарқынды сот реформасы жүріп жатыр.Тәуелсіз сот билігі, сот төрелігін жүзеге асырудың өркениетті жүйесі қалыптасты.
ҚР Президентінің әр жылдардағы Жолдаулары да ҚР Конституциясы негізінде жасалады және ұзақ мерзімді стратегияның кадамдық жүзеге асыру бағдарламасы болып табылады. Мәңгілік елдің қағидалары да ҚР Конституциясынан бастау алады. Олар: Қазақстанның тәуелсіздігі, ұлттық бірлік, бейбітшілік және қоғамдағы келісім, зайырлы қоғам және жоғары имандылық, индустриализация және инновация негізінде экономикалық өсу, жалпы еңбек қоғамы, тарих, мәдениет және тіл бірлігі, ұлттық қауіпсіздік және жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуде жаһандық қатысу.
Ата Заңымыз уақыт сынынан сүрінбей өтіп, заман талабына лайықтығын дәлелдеді. Ата Заңның әрбір қазақстандық үшін орны бөлек. Оған құрметпен қарап, талаптарын сақтау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Г.Орымбекова,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.