Шоқ тілді Шона
40 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Кейбір азаматтар әкімшілік заңнамамен көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлікті мас күйінде басқаруды жалғастыруда. Мұндай әрекеттер Қылмыстық кодекстің 346-бабымен дәрежеленеді. Кодекстің осы бабында негізгі жаза ретінде бас бостандығынан айыру жазасын қолданып, автокөлік құралдарының барлық түрін басқару құқығынан өмір бойына айыру санкциясы көзделген.
Көлікті басқа адамның мас күйінде басқаруына жол беру де осындай жазаға тартылады.
Осы ретте 2021 жылы ҚК-тің 346-бабымен 3 адам бас бостандығынан айыру жазасына сотталған болса, 2022 жылдың 8 айында 1 адам бас бостандығынан айыру жазасына кесілсе, тағы 1 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осыған орай көлікті мас күйінде тізгіндеудің жауапкершілігі қатаңдатылғанын жүргізушілердің назарына саламыз!
Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы.