Аудан тұрғындарының назарына!

331 Views

Аудан тұрғындарының назарына!
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Қазіргі кезде шетел есебінде тіркелген автокөлігін сатып алып, тіркемей, яғни міндетті сақтандыру полисымен келісім жасамай, көлік айдап жүрген жүргізушілер көптеп кездесуде.
Т.Рысқұлов ауданы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында Малдыбай ауылына қарасты «Автоураган» АПК камерасына автокөліктер жылдамдықты асырып, ҚР ӘҚБтК-ң 592-бабында көрсетілген құқық бұзушылықпен 2307 автокөлік тартылған. Жалпы салынған әкімшілік айыппұл соммасы 65 793 240 тг. құрайды.
Атап айтқанда, Жамбыл облысы ПД-нен келген нұсқау бойынша Т.Рысқұлов ауданы аймағында иесі анықталмаған және міндетті сақтандыру полисымен келісім жасамаған шетел автокөліктері ҚР ӘҚБтК-ң 230-бабы 2-бөлігімен анықталған құқық бұзушылыққа сай полиция қызметкерлері тарапынан арнайы автотұраққа қойылып жатқандығы туралы ескертеді.
Аудандық полиция бөлімінің жедел іздестіру іс-шарасы кезінде жалпы 32 шет ел есебінде тіркелген автокөліктер анықталып, арнайы автотұраққа қойылды.
Жедел іздестіру жұмыстары мұнан әрі де жалғасуына байланысты құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары, полиция бөлімі автокөліктің құжаттарын заң талабына сай ретке келтіріп жүрулеріңізді ескертеді.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: