Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
30 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Бүгінде Ата заң мемлекетіміздің бағыт-бағдарына айналғандай. Биыл еліміздің жарқын болашағының кепіліне айналған құнды құжаттың қабылданғанына – 27 жыл.
Апта басында аталмыш мерекені тойлау мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Егеменді елім – айбыным, Ата Заңым — тірегім» атты салтанатты кеш өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Ізінен ауданның дамуына өз үлестерін қосып, ерінбей еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Салтанатты жиын Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған мерекелік кешке ұласты.
«Құлан таңы» ақпарат.