Кедендік бақылау күшейеді

444 Views

Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды. Президент өз сөзінде, өркениетті сауданы дамыту үшін мөлшерлемелері мен қарапайым рәсімдері бар бөлшек салықты қолдануды кеңейту, салық реформасы аясында «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігін қарастырудың маңыздылығын айтты.
Сонымен қатар, шекараға интегра­цияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажеттілігін айтып, тексерушілердің тым көптігіне де тоқталды. Президент: «Олардың теріс әсер еткені белгілі. Сондықтан, шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. Кедендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс», – деді Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.

Әмзе ТӘЖІКОВ,
білім саласының ардагері, зейнеткер.

Поделиться ссылкой: