674 Views
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі №231-ө/жқ өкімімен Мұстафа Асхат Мейірбекұлы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Мұстафа Асхат Мейірбекұлы 1983 жылы 4 маусымда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы еңбек өтілі – 12 жыл. 2009 жылы «IGLIKEA» ЖШС-нің іздеу салу маманы,
2011-2012 жылдары Байзақ ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің бюджетті атқару және коммуналдық меншік жөніндегі секторының бас маманы,
2012-2013 жылдары Байзақ ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы,
2013-2016 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы болып жұмыс істеген. 2016 жылы аталған бөлімшенің басшысы, 2016-2019 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы болып еңбек етті. 2019 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарды.
Поделиться ссылкой: