Тағайындау

293 Views

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Е.Еспенов­тың 2022 жылдың 16 қыркүйегіндегі №226-ө/жқ өкімімен Адилов Жеңіс Бақытбекұлы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Адилов Жеңіс Бақытбекұлы 1985 жылдың 10 мамырында Жам­был облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Алға­бас кеңшарында дүниеге келген.
2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң уни­­­вер­­ситетін, Алматы заң академиясын «Заң­гер» мамандығы бойынша бітірген.
2011-2013 жылдар аралығында Малдыбай орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, 2013-2020 жылдар аралығында Ақыртөбе ауыл­дық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2020-2021 жылдар аралы­ғында Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау және ұйым­дастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы болып еңбек етті.
2021-2022 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.

Поделиться ссылкой: