Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Президенттің кезекті сайлауы жоспар бойынша 2024 жылы өтуі керек болатын. Бірақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында айтылған мәлімдемесінен кейін бұл жоспар түбегейлі өзгерді. Ел Президенті бұл қадам бізге әр азаматымыздың әл-ауқатын арттыру және бүкіл елімізді өркендету жолындағы ортақ жұмысты жандандыруға мүмкіндік беретінін айтады. «Билік өзінің жоспарын қоғамнан жасырын ұстайтын саяси дәстүрден арылуы керек. Сондықтан, мен бүгін алдағы сайлау науқандарының кестесін барша халыққа жариялағым келеді. Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын, – деп Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажеттігін, 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Араға аздап уақыт салып, халық қалаулылары бұл ұсынысты мақұлдады. Осылайша билік өкілдері 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтетіндігін барша жұртқа жариялады.
Саяси доданың өтуіне шамамен бір айдай уақыт бар. Дегенмен, бүгінде оның әділетті әрі ашық болуына ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілдері бар күшін салуда. Қазірден бастап тиісті жұмыстарды жоспарлап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілуде.
Күні кеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сайлау науқанына қатысты жиын өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тілеповтың төрағалығымен өткен жиналысқа сайлау учаскелерінің төрағалары, хатшылары және мүшелері қатысты. Кеңейтілген отырыста учаскелердің дайындығы, керекті құрал-жабдықтармен жабдықталуы жөнінде тапсырмалар берілді. Нақтырақ айтар болсақ, Манарбек Әміреұлы сайлауға шақырту қағаздарын тарату, сайлаушыларды тіркеу жолдары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, комиссия мүшелерін оқыту, оларға сертификат беру туралы сөз етті. Ал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Талғат Иманбеков болса, комиссия мүшелеріне саяси науқанға қатысты нұсқаулықты оқып беріп, учаскелерде рәміздердің орналасу ретін және онда компьютер, телефон, интернет болуын қадағалау керектігін айтты. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз дауыс беру үшін барлық жағдайды жасау керектігін сөз етті.
Жиын соңында төраға тарапынан аудандық полиция бөліміне де сайлау учаскесін қорғау және дауыс нәтижелерін тасымалдау кезінде жолсеріктік қызмет көрсету сынды тиісті тапсырмалар берілді.
Жәнібек Базылбек.