Шыршаны кеспейік, керісінше, аялайық!

287 Views

Жаңа жыл – халықаралық мереке. Ал, Жаңа жылдың сәні мен мәні шырша екенін білесіздер. Шырша – өте баяу өсетін ағаш. Сондықтан оны барынша аялап баптап, күткеніміз дұрыс. Біздің бір «жаман» әдетіміз бар ғой. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында көп жылдардан бері өсіп, табиғаттың шырайын кіргізіп тұратын шырша­ларды кесіп жататындар бар. Біреулер тіпті, ақша табу үшін шыршаны баудай түсіреді. Олар «шырша баяу өседі» деген сөзді мүлде елең қылмауы мүмкін.
Табиғаттың шырайын келтіріп тұрған шырша ағашы жыл он екі ай бойы жап-жасыл реңкке боялып, әсемдікке нәр қосып тұрады. Сондықтан да Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әр­бір азамат үйлеріне жасанды немесе бұтақтардан құралған контейнердегі шыршаларды сатып алып, соны кәдеге жаратса нұр үстіне нұр болар еді.
«Бір тал кессең, он тал ек». Бұл да қазақтың сөзі. Біздің айтпағымыз да сол, шыршаны кеспейік, керісінше, аялайық.

А.ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,
«Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің инженері.

Поделиться ссылкой: