23 маусым – Қазақстан полициясы күні
39 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Биыл туғанына 150 жыл толған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген. Меніңше, осы сөздің астарында терең мазмұн жатыр. Себебі, жер бетінде өзге елді паналап жүрген қаншама ұлт бар. Оларға қарағанда біз әлдеқайда бақыттымыз. Жеріміз кең, еліміз қуатты, халқымыз бақытты, тәуелсіздігіміз тұғырлы.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дейді Қадыр ақын. Тәуелсіздіктің тұғырлы болуы да осы Ана тілімізге байланысты. Ол бір қиын шаруа емес. Кез келген ортада Ана тілде сөйлеп, өзгенің алдында өз тіліңізді өгейсітпесеңіз болғаны. Қазақтың тілі шұрайлы, тілдік қуаты мол екенін өзгелер де білсін! Сонда ғана мемлекеттік тіліміздің өрісі кеңейеді. Қазақ ұлтының да тұғырлы Тәуелсіздігі мәңгі жасай бермек.
Ильяс Арысбек,
аудандық полиция бөлімі кадр саясаты тобының инспекторы,
полиция лейтенанты.