Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
109 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
«Сот кабинеті» – халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуі үшін жасалған, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе. «Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады.
«Сот кабинеті» арқылы электрондық құжаттарды сотқа жолдау үшін азаматтар мен заңды тұлғалар, біріншіден, жоғарыда аталған «Сот кабинеті» ақпараттық сервисіне тіркелуі тиіс. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисіне тіркелген тұлға оның пайдаланушысы болып табылады. Қолданушылар сервис көмегімен электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеумен қатар, сотқа электронды түрде жолдаған құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды қадағалай алады.
Сотқа ұсынылатын арыз, өтініш, шағым т.с.с. рәсімделуі Азаматтық, Қылмыстық процестік кодекстерінде көзделген талаптарға сәйкес болуы қажет. Сәйкесінше сотқа тиісті түрде ұсынылған құжат сот кеңсесінің мамандарымен қабылданып, тіркеледі.
Пайдаланушылардың сервис мүмкіндіктерін білуіне және үйренуіне еш кедергі жоқ. Хабарлау сервисі, пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға мүмкіндік бере отырып, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ, сізге процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.
М.Нүсіпәлі,
аудандық сот кеңсесінің жетекші маманы.