АУЫЛҒА АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛДІ

656 Views

АУЫЛҒА АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛДІ

 Қазан айының басында Елбасының тағы бір Қазақстан халқына Жолдауы жарық көрді. Жолдауда халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерісіне атсалысуы туралы сөз қозғалды. Мемлекет басшысы аталған бөлімдердің әрбіріне ерекше тоқталып, жаңа міндеттемелер жүктеді. Елбасы «халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы» деп еліміздің болашақ мақсат-мұраттарымен қатар ынтымағының да маңызды рөл атқаратынын атап айтты.

«Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту.

Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет. Ауыл кәсіп керлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн. Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын» деген ұлт Көшбасшысының бұл сөзі еліміздің экономикалық әл-ауқатын көтеру үшін агроөнеркәсіптің рөлі зор екенін аңғартып тұрғандай.

«Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет. Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек» деген ел Президенті ауыл экономикасына ерекше көңіл бөліп, ауылдың әл-ауқатын көтеруді басты назарға алып отыр. Өйткені, біздің барымыз да, байлығымыз да – туған жеріміз, өсіп-өнген өлкеміз. Өзіміз өмір сүретін өңірдің жағдайын жақсарту – әрбіріміздің міндетіміз.

Қ. ӘБІЛОВ,

Луговой ауылдық округі

әкімінің орынбасары.

Поделиться ссылкой: