Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
24 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…

Луговой ауылында «Элай-Құлан» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымды іс-шара өтті. Бірлестіктегі жас тәрбиеленушілер осы орталықтағы қарияларға концерттік бағдарламасын ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі десек те, әсем ән айтып, би билеп, өлең оқыған балалардың жанарынан өмірге деген құштарлық пен өнерге деген бейімділікті байқауға болады. Ал қызмет көрсетушілер концерттен соң қарияларға арнайы сыйлықтарын үлестірді.
Жалпы, «Элай-Құлан» мүгедектер қоғамдық бірлестігі 2016 жылдан бастап өмірлік қиын жағдайға түскен, жалғыз басты, егде жастағы адамдарға, 4 жастан 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқушылығы бар мүгедек балаларға, 18 жастан асқан І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі күнге дейін 103 қызмет алушы қабылданып, оның 68-і орталықтан оңалып шыққан. 35-і оңалту іс-шараларын қабылдауда.
Біз қоғамдық бірлестік қызметкерлерінің жұмысына табыс, еңбегіне жеміс, ал қызмет алушыларға тезірек оңалып кетуді тілейміз!
Салтанат ҚАРАСАЙ