Мектептегі онкүндік

438 Views

Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде қоғамдық- гума­нитарлық пәндер бірлестігінің ұйым­дастыруымен 2023 жылдың 10-ы мен 20-шы қаңтар аралығында «Қазақ хал­қының өмір тарихы» тақырыбында тарих пәні бойынша онкүндік шарасы өтті.
Аталған онкүндік шараның ар­найы ашылу салтанаты өткізіліп, пән бірлестігінің жетекшісі Сәулет Бейсенбай мұғалімдер мен білім алушыларға онкүндік аясында өтетін іс-шаралар жоспарын таныстырды. Онкүндіктің мақсаты – оқушылар бойына патриоттық сана қалыптастыру және өз тарихын білуге, тарихи мәдени әдеп-ғұрыптарын сақтауға тәрбиелеу. Сондай-ақ, білім алушылардың қоғам­дық-гуманитарлық пәндері сабақ­тарында тарихи тілмен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Аталған шара 3 бағытта ұйымдастырылды.
І бағыт «Менің елім – менің тари­хым» тақырыбында үздік сынып және үздік білім алушы сурет байқауы;
ІІ бағыт «Салт-дәстүрім – таусыл­майтын байлығым!» тақырыбында көрініс көрсету;
ІІІ бағыт «Туған өлке тарихы!» тақырыбында бейне жазба жасау.
Сондай-ақ, білім алушыларға өз өлке­міздің мәдени ескерткіштерін және тари­хын терең танып білу мақсатында «Мәдени ескерткіштер, тарихтан сыр шертеді» тақырыбында ашық са­бақ­тар өткізіліп, арнайы көрмелер ұйым­дастырылды.
Сонымен қатар мектеп психо­лог­тарының ұйымдастыруымен психоло­гиялық тренингтер ұйымдастырылып, «Тарихыңды таны» тақырыбында танымдық ойын өткізілді. Аталған ша­раға аудандық тарихи музей қыз­меткерлері де атсалысып, іс-шараның ойдағыдай өтуіне өз үлестерін қосты.
Онкүндік қорытындысы бойын­ша арнайы салтанатты жиын өткі­зіліп, қоғамдық-гуманитарлық пән­дер бірлестігінің жетекшісі Сәулет Бейсенбай аталған шарада белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен пән мұғалімдері мен сы­нып жетекшілерді және білім алушы­ларға қаржылай жүл­делер тағайын­дап, тәттілер табыс етіп, арнайы диплом­дармен марапаттады.

Айгерім Мүсірепбекова,
Ш.Уәлиханов атындағы
шағын орталықты орта
мектептің тәлімгері.

Поделиться ссылкой: