Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
35 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының азаматтық іс құжаттарына сай, Н., отбасын сақтап қалу мүмкін емес деп есептеп, К.-ға неке бұзу туралы талап арызбен жүгінген.
Сот істі қарау барысында келген екі тарапқа татуласуға құқылы екендіктерін және дауды татуласу рәсімдерімен шешуді түсіндірді. Қос тарап билер алқасының қатысуымен өтетін медиация тәртібін қолдану ұсынысын таңдады. Медиация Тұрар Рысқұлов аудандық билер кеңесінің мүшесі, би медиаторы У.Тойғанбековтің қатысуымен жүргізілді.
Аталған рәсім оң нәтижесін беріп, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. Нәтижесінде отбасылық жұп некені сақтау туралы шешім қабылдады.
Соттың ұйғарымымен, азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.
Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж кері қайтарылды.
«Құлан таңы» ақпарат.