Салықтың да салмағы бар

315 Views

Аудандық полиция бөлімі 2023 жылдың ақпан айының 15-і мен 17-сі күндері аралығында аудан аумағында «Борышкер – 2023» кешенді жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жеке тұлғалардың өтемей жүрген автокөлік салығын және төленбей жүрген полиция бөлімімен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп, облыстық қазынаға түсуін арттыру. Осы бағытта аудан тұрғындарына салынған әкімшілік айыппұлдар мен көлік салығын уақтылы төлеу қажеттілігін ескертеміз.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабы бо­йынша айыппұлдардың 50 пайыз сомасы ғана салы­нады. Егерде 7 тәулік ішінде айыппұл төленбесе, айып­пұлдың 100 пайыз сомасы салынады. Сол үшін айыппұл салынған азаматтар 7 тәуліктен кешіктірмей, салынған айып­пұлды төлеуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабы. Айыппұл салу туралы қаулы­ны өз еркімен орындау.
Айыппұлды әкімшілік жауап­қа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күннен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айып­пұлды жеке немесе заңды тұл­ғаға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады.
894-бап. Жеке адамға айып­пұл салу туралы қаулыны мәж­бүр­­леп орындату. Айып­пұлды өнді­ріп алу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган жауап­қа тартылған адамның жала­қы­сы­нан немесе өзге де табыс­тары­нан айыппұл сомасын мәж­бүр­леу тәртібімен ұстау үшін оның жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұжымның әкімшілігіне жіберіледі. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзімде ұсталады.Айыппұлды өндіріп алу кезегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
ҚР ӘҚБтК 896-бабы, яғни айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орын­дау­ға жіберу туралы. Айыппұл салынған қаулы ерікті түрде орындау мер­зімі өткеннен кейін атқару­шылық іс жүргізу және сот орын­даушыларға он тәулік ішінде жіберіледі.
Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс істемесе немесе басқа да себептер бойынша айып­пұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл салу туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртіппен мәжбүр­леп орындату үшін мемле­кеттік сот орындаушысына жіберіледі.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: