Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Өмірбаяны
Алимкулов Қалижан Сабырқұлұлы 1972 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1978-1988 жылдар аралығында Болтай батыр атындағы орта мектепте білім алған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
Алматы қаласындағы Алматы технология және бизнес институтын «Экономика және менеджмент», Тараз қаласындағы «Әулиеата» университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. 1988-1989 жылдары «Карл Маркс» колхозында жұмысшы болып еңбек еткен. 1989 -1990 жылдары Тараз қаласында жүргізуші мамандығы бойынша білім алған. 1990-1992 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтеген. 1992-1999 жылдар аралығында «Карл Маркс» колхозында жанар-жағармай қоймасында қоймашы, 2000-2016 жылдар аралығында ішкі істер саласында әр түрлі қызметтер атқарған. Қазіргі таңда зейнет демалысында. 2016 жылдан бері «Нұрғиса» шаруа қожалығын басқарады.
Отбасылы. 3 ұл, бір қызы бар.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті сайлаушылар! Мен жастайымнан еңбекке құштар болдым. Колхоз тарамай тұрған жылдары да жұмыс істедік. Еліміз Тәуелсіз мемлекет атанғаннан кейін де қызмет атқардық. Аудандық полиция бөлімінде әр түрлі қызметтер атқардым. Ішкі істер саласында өнімді еңбек етіп, зейнетке шықтым. Полиция бөлімінде қызмет атқарған жылдар мен үшін зор тәжірибе болды. Қазір қарап отырсам, үлкен мектептен өткен екенбіз. Жай тәжірибе жинап қойған жоқпын, іздендім, көптеген адамдармен тілдестім. Яғни, адамның мінезін танып, «ақтың ақ, қараның қара» екенін ажырататын жастамын қазір. Осындай өмірлік мектеп көргеннен кейін, өзімдегі бар білімім мен тәжірибемді жас ұрпақтың келешегіне жұмсасам деп шештім. Мінеки, осылайша №3 сайлау округі бойынша Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты депутаттығына кандидатурамды ұсынып отырмын.
«Елге пайда тигізу – ерге парыз» деген көзқарас мен депутаттыққа түсіп отырған Қазақстан Халық партиясының саяси ұстанымдарының бірі. Сондықтан 19 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында көпшілік мені қолдайды деген ойдамын.
Мен бос сөйлегенді аса ұната бермейтін азаматпын. Өзіндік ұстанымым бар. Алға қойған мақсатым да айқын. Ол – халыққа адал қызмет ету, ауыл тұрғындарына қолымнан келгенше жақсылық жасау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты ел халқына арнаған Жолдауында көптеген мәселелерді ашып айтты. Оны біреу түсінді, кейбірі тіпті назар да салмаған болмауы мүмкін. Міне, мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан көптеген бағдарламалардың қолжетімділігін қарапайым тұрғындарға ашық әрі дәйекті мысалдармен түсіндіріп жеткізу – менің басты міндетім деп білемін. Егерде аудандық мәслихатқа депутат болып жатсам, жеке бастың мүддесін емес, халықтың қамын алдыңғы сатыға қоятын боламын. Өйткені, мен де сол халықтың өкілімін. 19 наурыз күні мені қолдап, дауыс беріңіздер!
Халық қалаулысын таңдау – Сіздердің қолдарыңызда! Мен Сіздермен біргемін!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.