Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
ӨМІРБАЯНЫ
Дәлібаева Сұлукүл Серікбайқызы 1986 жылдың 23 мамырында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қорағаты ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – арнаулы орта.
Құлан «Бақдаулет» гуманитарлық педагогикалық колледжін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолын 2007-2011 жылдары «Бақдаулет» гуманитарлық педагогикалық колледжінде іс жүргізуші болып бастап, 2014 жылдан бері «Аққайнар» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келеді. 2017 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.
Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Қазіргі таңда Тұрар Рысқұлов аудандық «Іскер әйелдер қауымдастығының» және «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Жеткен жетістіктері де аз емес. 2022 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапатталса, дәл осы жылы «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Ж.Қошановтың «Құрмет грамотасының» иегері атанды.
Отбасылы. Жолдасы екеуі бес қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. «Алтын алқа» иегері.
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті жерлестер! Өздеріңізге белгілі, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың аудандық Жол карталарында жалпы 74 іс-шара белгіленген. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында іс-шаралардың 69-ы (93%) орындалса, 4-еуінің (6%) орындалу мерзімі келмеген, ал 1-еуі (1%) орындалу сатысында тұр.
Жол картасына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданында 2022 жылы 6000 гектар жер қайтару жоспарланып, 9814,7 жер қайтарылған. Осылайша көзделген меже 164 пайызға орындалып отыр.
Сондай-ақ, жол картасына сәйкес, 2022 жылы ауданымызда 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Олардың қатарында Құлан мектеп-гимназиясы, № 2 шағын орталықты орта мектебі және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептері бар.
Денсаулық сақтау саласында да атқарылған жұмыс көп. Мәселен, өткен жылы Жақсылық және Жаңатұрмыс ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория соғылып, халықтың игілігіне берілді.
Жыл сайын 735 жаңа жұмыс орнын ашу межеленсе, бүгінде 1199 жұмыс орындары құрылды.
Ал «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесі 28 жас мамандарға берілді. Аталмыш буынның бизнес-бастамаларын қолдау мақсатында 400 АЕК көлемінде 128 жасқа грант берілген.
Құрметті сайлаушылар! Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, алдағы уақытта ауданымызда мынадай өзекті мәселелердің оң шешілуі үшін бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.
1. Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету және кәсіпкерлікті дамыту.
2. Аудандық мәслихат депутаты ретінде бизнес субъектілерінің қызметін дамыту үшін ғана емес, «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтаса отырып, жаңа жобалардың жүзеге асырылуына қолдау көрсету.
3. Жастардың бастамаларын қолдай отырып, жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту.
4. Жаңатұрмыс ауылындағы «Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебі» мен балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
5. Қазақ ауылындағы «Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебіне» күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
6. Қорағаты ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету.
7. Қорағаты станциясына медициналық пункт соғылуына ықпал ету.
Құрметті сайлаушылар! Біздің аудан мен ауылдардың дамуы мен өркендеуі үшін халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуіне, оқушылардың сапалы білім алуына, ауыл жастарының кәсіппен айналысуына өз септігімді тигізу үшін сайлауға қатысып отырмын. Сондықтан да мен жерлестерімді алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып, маған дауыс беруге шақырамын.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.