Байтелиев айдос Тойлыбайұлы

305 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар

Өмірбаяны
Байтелиев Айдос Тойлыбайұлы 1979 жылдың 1 қазанында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2001 жылы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, аталмыш жоғары оқу ордасын «Мелиоративтік жұмыстарды механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген. «Рамазан» шаруа қожалығының басшысы.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Мен Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №2 сайлау округінен өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсіп отырмын. Қарға тамырлы қазақ үшін ауылдың мәні де, маңызы да ерекше. Мен депутаттыққа хайп қуып, бос мақтан үшін емес, ауыл халқының әл-ауқатын арттыру үшін барамын.
«Ауыл шаруашылығы саласы – экономикамыздың драйвері» екені белгілі. Мен бұл сөзді босқа айтып отырғаным жоқ. Кәсіпкер ретінде бұл саланы дамыту тенденциясын жақсы білемін. Сондықтан көпшілік мені қолдайды деген сенімдемін.
Дәл қазіргі сәтте біз үшін тұрақтылық маңызды. Әлемдегі геосаяси жағдай өршіп тұр. Біздің елдегі ішкі саяси тұрақтылықтың сақталуы – бейбітшіліктен. Болашағымыз жарқын болсын десек, біз ұдайы осы қалпымыздан айырылмауымыз керек. Бұл тұрғыда «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі» сияқты қоғамдық ұйымдармен қатар белсенді жастармен бiрлесiп, ауылдың ынтымағын жарастыруға бағытталған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуы қажет. Жастарымызды мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларға тартып, олардың бос уақыттарын тиімді өткiзуге қолайлы жағдай жасау керек. Ауылдың санитарлық-экологиялық тазалығын сақтай отырып, елдi мекендi абаттандыру бағытында мақсатты түрде жұмыстар атқарылуы тиіс.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар көп қазір. Айталық, соның бірі – «Бизнестің жол картасы». Осы бағдарламаның мән-мазмұнын көпшілікке дұрыс жағынан түсіндіру керек. Мемлекеттік «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша қаншама жас үй ала алмай жүр. Егерде депутаттық мандатқа ие болып жатсам, көптеген мемлекеттiк бағдарламалардың ауыл тұрғындарына тиімділігін түсіндіріп, осы бағыт бойынша жұмыс жасайтын боламын.
Ауыл халқын қандай проблемалар алаңдатады? Ауыз су, электр жарығы, газ жане жол мәселесі. Өзім сайлауға түсіп отырған №2 округ тұрғындарының талап-тілегі үнемi менің бақылауымда болады.
Маған сенім артқан халықтың үмітін ақтау үшін менің тарапымнан талап етілетін міндеттерді адал орындауға уәде беремін. Болашақта ауылдастарыммен бірге бiрлесiп, көптеген жұмыстарды тиімді әрі сапалы атқарамыз деп ойлаймын.
Құрметті сайлаушылар!
Сайлауға белсенді қатысып, дауысыңызды адал азаматқа беріңіз.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой: