Кеңейтілген отырыс өтті
11 ViewsКеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Жамбыл…
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар
Өмірбаяны
Жүзбаев Әділет Рахметқұлұлы 1988 жылдың 15 маусымында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, аталмыш жоғары оқу ордасын «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда аудандық білім бөлімінде есепші болып жұмыс жасайды.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Елiмiздiң патриоты ретiнде мен әрбір азаматтың ел мүддесi үшін өзiнiң «қолдан келерлiк үлесін қосуға» деген талпынысын қолдаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сарабдал саясатының арқасында қарапайым халық пен атқарушы билiктiң арасында сапалы әрі дұрыс механизмдер жүзеге асырылып жатыр. Проблеманың өзегі – немқұрайдылықтан шығады. Сондықтан белгілі бір қызметте істейтін кез келген еңбек адамы өз жұмысына адал, ұқыпты, ең бастысы, сол саланың маманы болғаны дұрыс деп есептеймін. Сонда сапа да болады, жұмыс та ілгері алға жылжиды.
Мен де өзге адамдар секілді № 2 округтен өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түсіп отырмын. Мені қолдасаңыздар, халық пайдасына тиiмдi жұмыс жасап, түйткілді мәселелерді қолымнан келгенше шешуге атсалысамын. Халық қазір құрғақ сөзден шаршады. Нақты әрекеттер қажет. Өзiмнiң сайлауалды бағдарламама мынадай жұмыстарды енгізіп отырмын.
1. Халықтың аз қамтылған тобы, көпбалалы жас отбасылар үшiн, соның iшiнде, тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшiн, «Әлеуметтік және жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асыру;
2. Ауылдардағы балабақшалар мен мәдениет ошақтарына, кітапханаларға түбегейлi ағымды жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ету;
3. Балалар спортын дамыту мақсатында тегiн спорт аландарын және «Street Workout» құрылыстарын салуға ықпал ету;
4. Елді мекендерде жаңа саябақ, аллеялар ашу және ескiлерiн жаңарту;
5. Қоқыстың жүйелі түрде, уақтылы және сапалы шығарылуын қамтамасыз ету, қоқысты жинау үшін қосымша алаңдарды жасау бойынша шаралар қолдану;
Құрметті сайлаушылар!
19 наурызда мені қолдап, дауыс беріңіздер. Дана қазақ «Жас келсе – іске» деген. Белсенділік танытыңыздар.
Әділдік пен ашықтық – менің басты принципім. Жастардың да саясатқа араласатын уақыты келді.
Мен сіздерден қолдау күтемін.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.