Игі істің басына – жақсы келер қасына
27 ViewsҚазақта «Игі істің басына – жақсы келер қасына» деген қанатты сөз бар. Ауылымызда қашанда игі бастамаларды қолға алып, көпшіліктің құрмет-қошеметіне ие болып жүрген азаматтар…
Бүгінде аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен біршама игі істер атқарылуда. Соның айқын дәлелі ретінде Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты әлеуметтік қызметкерлер ұйымдастырған іс-шараны айтуға болады. Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар балаларға және олардың ата-аналарына арнап, мерекелік дастархан жайылды. Нәтижесінде қызмет алатын жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар балалардың ата-аналары ұйымдастырушы тарапқа ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін айтты.
Г.Әзретова,
үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсету
бөлімшесінің әлеуметтік
қызметкері.