Полиглоттар бас қосты

564 Views

Полиглоттар бас қосты

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық сананы оятумен қатар үш тұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен полиглоттар отырысы өтті. Шараға аудандық білім ордаларында оқитын оқушылармен қоса «Apple tree» білім беру орталығының тәрбиеленушілері және Гүлжан Құлболды бастаған оқытушылар да атсалысты. «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде облыстық полиглоттар клубының президенті Әбілхайыр Кнауырбековтың үш тілде дайында ған сұрақ-жауабымен басталған шара орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында ашқан «Кoворкинг орталығында» ойды үш тілде жеткізе білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған пікір алмасумен аяқталды. Шара соңында белсенділік танытқан жастарға ынталандыру ретінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хаттары табысталды.

Р.САРТАЕВ, аудан әкімдігінің мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: