САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

200 Views

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №36-5 шешімімен сайланған комиссия мүшелерінің өз еріктерімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты төмендегі аталған, яғни №333, №337, №340, № 345, №346, № 351, №362 және №485 учаскелік сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан, ал №343, учаскелік сайлау комиссияcына екі орынға өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2023 жылдың сәуір айының 26-на дейін жоғарыдағы аталған сай­лау комиссияларына өз канди­дат­тары­ңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1. Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
3. Кандидаттың сайлау комис­сия­сының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппа­ратының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 75. Байланыс телефондары 2-12-23, 2-12-76. Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.

Мәслихат аппараты.

Поделиться ссылкой: