Единство и согласие – наша общая ценность!
47 ViewsУважаемые жители Жамбылской области! Наш регион – это благодатный край, где на протяжении веков в мире и согласии проживают представители разных этносов. Наша общая…
Дәл мына сурет Ақыртөбе ауылында түсірілген. Осы ауылдағы Орынқұл Тойбеков көшесінің сықпыты бұрын мына суреттегі «дейін» дегендей болатын. Жақында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Инстаграм» парақшасында Орынқұл Тойбеков көшесіне асфальт төселгені туралы жазба жарияланды. Яғни, мына суреттегі «кейін» деген деталь сол көшенің бүгінгі көрінісі. Бұл көшеге асфальт төсеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүргізілген екен. Жөн-ақ. Рас, қазір ауылдық округтерде көше жолдарына жыл сайын асфальт жамылғысы төселіп жатыр. Алайда, кейде сол асфальттың төселу сапасына тұрғындар өздерінің сын-пікірлерін де айтып жатады. Ақыртөбеде де солай болмаса игі еді, әйтеуір…
Жолдасбектің Мараты.