334 Views
Бүгінде «Кәсіп ашып, табысын арттырамын» деген азаматтар мен азаматшаларға мемлекет тарапынан қолдаулар өте көп. Тек жалқаулыққа салынбасаңыз болғаны. Дегенмен еңбектің қадіріне жетіп, мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп отырған жандардың да бар екенін жоққа шығармаймыз. Аудан әкімі Ернар Есіркепов күні кеше ғана дәл сондай азаматтың кәсібімен танысты.
Ол азаматтың есім-сойы – Алғашбек Марат Бақытбекұлы. Марат Бақытбекұлы мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант ұтып алып, алғаш рет кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асырып жатқан іскер азамат. Қайтарымсыз гранттан алған ақшаға ол құрылыс цехын ашып, аудан тұрғындарына қолжетімді бағада сатуда.
Осы күні 6 адамды жұмыспен қамтып отырған еңбекқор азаматтың өнімді тірлігіне аудан әкімі Ернар Серікәліұлы дән риза болып, жұмысына сәттілік тіледі.
Шағын кәсіп иесі алдағы уақытта өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Өз тілшіміз.
Поделиться ссылкой: