Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Өрт қауіпсіздігін сақтау – қоғамның ортақ мақсаты. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау көбінесе мүліктің зақымдалуына ғана емес, қайғылы жағдайға да алып келеді. Көптеген өрттер балалардың отпен ойнауынан болады.
Құрметті ата-аналар! Қазіргі таңда күннің ысуына және желдін күшеюіне байланысты, қарапайым тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шараларын балаларыңызға түсіндіріп және оларды қараусыз қалдырмауларынызды сұраймыз.
Қауіпсіздік шаралары:
– оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз;
– балаларға ойыншық ретінде оттықтарды бермеңіз;
– балаларға газ немесе электр қондырғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз;
– өрт болған жағдайда ешқайда тығылмай, далаға жүгіріп шығуды балаға түсіндіріңіз;
– баланы қорқытпай, қауіпсіздік ережелерін айтып, әр түрлі оқиғаны ойын түрінде көрсетіп, орын алған оқиғадан қалай шығу керек екендігі жөнінде айтыңыз;
– үйде бір парақ қағазға жедел қызмет нөмірін жазып қойыңыз және оны қандай жағдайда пайдалануға болатынын балаға түсіндіріңіз.
Ең бастысы, төтенше жағдай орын алған сәтте өрт сөндіру қызметі «101» немесе құтқару қызметі «112» нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар және №10 ӨС бөлімдері.