485 Views
Қазақ халқы батаны ерекше қастерлеген. Бата – қазақ халқының ертеден мән-мағынасын жоғалтпай келе жатқан салт-дәстүрінің бірі, рухани қазынасы. «Батаменен ел көгерер» деп халқымыз текке айтпаған. Қазақ халқы «Бата қысылғанда – қуат, әрбір іс әрекетіне жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп сенген.
Халқымыз қаншама қиындықтарды бастан өткізіп келе жатса да, батамен өсіп-өркендеп келе жатқанына тарихымыз куә. Сондықтан аудандық ардагерлер Кеңесі салт-дәстүрімізді, батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында Тұрар Рысқұлов ауданының құрылғанына 85 жыл толуына байланысты жақында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» тақырыбында батагөй қариялардың аудандық байқауын өткізді. Байқауға 15 ауылдық округтен 15 батагөй қариялар қатысты. Атап айтар болсақ, Жаңатұрмыс ауылынан ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері Бисенғазы Секербеков, Каменка ауылынан ардагер-ұстаз, аудандық әкелер Кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов, Абай ауылынан ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері, кәсіпкер Есенғали Құралбаев, Қорағаты ауылынан теміржол саласының еңбек ардагері Берікбай Анарбаев, Р.Сәбденов ауылынан мемлекеттік қызмет ардагері Әлмағанбет Байғожаев, Луговой ауылынан ішкі істер саласының ардагері, заңгер Пойызбай Рахимов, Көкдөнен ауылынан ауданның «Құрметті ардагері» Қалибек қажы Тәжіманов, Көгершін ауылынан ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері, еңбек сіңірген зоотехник, ауданның «Құрметті ардагері» Нысанбай Таукенов, Құмарық ауылынан еңбек ардагері, атбегі Бақытбек Оспанов, Д.Қонаев ауылынан еңбек ардагері Әбілбек Абдрахманов, Жарлысу ауылынан еңбек ардагері, 30 жыл ауыл имамы болған Тұрсынбай Елубаев қатысты. Қазақ халқы батаны ерекше қастерлеген. Бата – қазақ халқының ертеден мән-мағынасын жоғалтпай келе жатқан салт-дәстүрінің бірі, рухани қазынасы. «Батаменен ел көгерер» деп халқымыз текке айтпаған. Қазақ халқы «Бата қысылғанда – қуат, әрбір іс әрекетіне жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп сенген.
Халқымыз қаншама қиындықтарды бастан өткізіп келе жатса да, батамен өсіп-өркендеп келе жатқанына тарихымыз куә. Сондықтан аудандық ардагерлер Кеңесі салт-дәстүрімізді, батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында Тұрар Рысқұлов ауданының құрылғанына 85 жыл толуына байланысты жақында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» тақырыбында батагөй қариялардың аудандық байқауын өткізді. Байқауға 15 ауылдық округтен 15 батагөй қариялар қатысты. Атап айтар болсақ, Жаңатұрмыс ауылынан ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері Бисенғазы Секербеков, Каменка ауылынан ардагер-ұстаз, аудандық әкелер Кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов, Абай ауылынан ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері, кәсіпкер Есенғали Құралбаев, Қорағаты ауылынан теміржол саласының еңбек ардагері Берікбай Анарбаев, Р.Сәбденов ауылынан мемлекеттік қызмет ардагері Әлмағанбет Байғожаев, Луговой ауылынан ішкі істер саласының ардагері, заңгер Пойызбай Рахимов, Көкдөнен ауылынан ауданның «Құрметті ардагері» Қалибек қажы Тәжіманов, Көгершін ауылынан ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері, еңбек сіңірген зоотехник, ауданның «Құрметті ардагері» Нысанбай Таукенов, Құмарық ауылынан еңбек ардагері, атбегі Бақытбек Оспанов, Д.Қонаев ауылынан еңбек ардагері Әбілбек Абдрахманов, Жарлысу ауылынан еңбек ардагері, 30 жыл ауыл имамы болған Тұрсынбай Елубаев қатысты.
Әбжапар ауылынан еңбек ардагері, жергілікті ақын-жазушы Төребек Әбдікерімов, Тереңөзек ауылынан еңбек ардагері, шаруа қожалық басшысы Құлмахан Бектұров, Шолаққайыңды ауылынан ауыл шаруашылығы саласының еңбек ардагері Асқар Мәндірбаев, Сөгеті ауылынан қаржы саласының ардагері, ауданның «Құрметті ардагері» Құралбек Жайнақов қатысып, байқаудың көрігін қыздырды. Өз өнерлерін көрсеткен барлық батагөйлер жақсы дайындықпен келгенін атап өткеніміз жөн.
Байқаудың әділ қазылар қатарында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, мемлекеттік қызмет ардагері, кезінде аудан әкімінің орынбасары болған Бейсенбек Әлпейісов, аудандық аналар Кеңесінің төрайымы, ардагер-ұстаз Түзел Алагөзова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рүстем Қырықбаев, аудандық билер Кеңесінің төрағасы Серікбай Өтегенов, ауданның «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Санат Қырықбаев бата берушілерді жатқа айта білуі, мәнерлеп айтуы, ұлттық нақыштағы киіну үлгісіне, батаның тәрбиелік мәніне қарап, барынша бағалады. Байқаудың шарты бойынша батагөйлер бірінші кезеңде ұлы тұлғалардың баталары, екінші кезеңде салт-дәстүрлерге байланысты тақырыптарда бата берісті. Ал үшінші кезеңде әр түрлі салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Үміткерлер бата беруде халқымыздың асыл мұраларын көрсете білгеніне көрермендер дән риза болысты.
Жарыс қорытындысы бойынша батаны нақышына келтіріп, ұлттық дәстүрімізге сай жастарымызға өнегелі етіп орындаған Жарлысу ауылының атынан сынға түскен Тұрсынбай Елубаев бас бәйгені жеңіп алды. Бірінші орынды Көгершін ауылынан келген Нысанбай Таукенов иеленсе, екінші орынды Әбжапар ауылынан келген Төребек Әбдікерімов және Каменка ауылынан келген Мырзабек Манғұтов өзара бөлісті. Ал үшінші орын Шолаққайыңдыдан келген Асқар Мәндірбаев пен Абай ауылының қадірлі қариясы Есенғали Құралбаевқа бұйырды. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға аудан әкімінің атынан дипломдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Серік Өтегенов,
Тұрар Рысқұлов аудандық билер Кеңесінің төрағасы.
Поделиться ссылкой: