100-ге жуық адам Әнұранды шырқады
26 ViewsАлтын күн аспаны, Алтын дән даласы. Ерліктің дастаны, Еліме қарашы. Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой. Қайырмасы: Менің елім,…
Көгершін ауылдық округі әкімінің лауазымына кандидат болып тіркелген Бағылбеков Ернар Жанатұлының
өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
Өмірбаяны
Бағылбеков Ернар Жанатұлы 1990 жылы 1 мамырда дүниеге келген. 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Ернар Жанатұлы өз еңбек жолын 2011 жылы «Kaspi Bank» АҚ-да несие беруші болып бастаған. Әр жылдары «Еуразиялық банк» және «Азиялық несие қорында» еңбек етіп, қаржылық кеңесші, талдау, болжам мен бағалау, бизнесті дамыту бөлімдерінде қызмет еткен. Ал 2017 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмысқа орналасқан. 2020 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есеп және қаржы секторының меңгерушісі болып тағайындалды.
2021 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
Мен, Бағылбеков Ернар Жанатұлы Көгершін ауылдық округі әкімінің лауазымына тағайындалған жағдайда, осы күнге дейін алған білімімді және өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді қолдана отырып, округ тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін және шаруашылық құрылымдарының экономикалық тұрғыда нығаюына барынша күш жұмсаймын.
Ауылдық округтің әлеуметтік- экономикалық және көкейтесті мәселелерін шешу мақсатында аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, жұмыссыздық деңгейін азайту, тұрғындардың күнделікті тұрмыстық жағдайларын жақсарту, сәтсіз отбасылардың болмауын, ауыл шаруашылық құрылымдарының санын көбейту, ауыл тұрғындарының қазіргі кезде мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қолдауларды пайдалануына мүмкіндік беретін жұмыстарды атқаратын боламын. Сондай-ақ, шағын және орта бизнестің дамуына, шаруа қожалықтарының толыққанды жұмыс істеуіне, оларға субсидия және несиеге қол жеткізу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіземін. Ауылдың қабілетті жастарына қолдау көрсете отырып, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жағдай жасап, мәдени шараларды уақтылы, ұлттық салт-дәстүрге сай, жаңа технологиялық үрдісте өтілуін жүйелі жоспарға енгізе отырып, жұмыстар жасайтын боламын. Ауыл тұрғындарының мұң-мұқтаждарын қорғап, Сіздердің үлкен сенімдеріңізге ие бола отырып, бар күш-жігерімді саламын.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Мен Көгершін ауылдық округінің әкімі ретінде сайланатын болсам, 2025 жылға дейін тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су имаратына жаңғырту жұмыстарын жүргізуге атсалысамын. Ауылдағы тау суының салдарынан бұзылған немесе пайда болған көшелердегі шұңқырларды жамау жұмыстарын жүргіземін. Осы үстіміздегі жылы ауылымызда дене шынықтыру сауықтыру спорт кешені және тоқсан орындықты мәдениет клубы тұрғындарға есігін айқара ашатын болады. Аталмыш қос нысанның толыққанды жұмыс істеуіне барынша атсалысатын боламын. Сонымен қатар, ауылдағы шағын және орта бизнестің қолданыстағы субъектілердің санын арттыруға ықпал етемін.
2019 жылы басталған ауыл халқының тұрмыстық табысын арттыру үшін берілетін 2,5%-дық жеңілдетілген несиені ауыл тұрғындарының алуына көмектесемін. Сондай-ақ, ауылдағы жастарды жұмыспен қамту, олардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы және оның әлеуетін дамыту үшін қолдау көрсетемін. Көгершін ауылдық округінің жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ, қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асыруға барынша күш саламын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен Сіздерді ел ертеңі үшін және де ауылымыздың өсіп-өркендеуі үшін дұрыс таңдау жасайды деген сенімдемін.