Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Бұл өмірде денсаулыққа жететін байлық жоқ. Денсаулықтың қамын жемейтін жан да жоқ. Ешбір адам өзін «Менің ешқандай кеселім жоқ, ауырмаймын» деп айта алмасы анық. Өйткені Алла Тағала пендесін түрлі сырқаттар арқылы сынап, емтихан жасап тұрады. Біреуге қуаныш, біреуге қайғы. Екеуі алма кезек келіп тұратын қос заңдылықтар. Дінімізде біздер жолығатын әрбір мәселеге ашық-айқын өз жауаптары да жазылған. Соның бірі, сынақтар. Сынақ дегеніміз адами деңгейімізді өлшейтін таразы іспеттес. Лұқман Хәкім өз ұлына: «Ұлым, Алтын алаумен сыналады, пенде дертпен сыналады» десе, Әбдулқадир Жиләни: «Әй, ұлым! Түрлі қиыншылықтар сені құрдымға жіберу үшін емес, сабырыңды сынау үшін келеді», деген екен. Сол үшін де Алла Тағала Құранның Бәләд сүресінің 4-ші аятында: «Расында адамзатты әбігер жараттық» -, дейді. Діни кітаптарда Раббымыз кейбір пенделерінің өз тәубелеріне келулері үшін кішігірім аурулармен машақаттандырады делінеді. Есесіне пенденің бойына сырқат келген кезде дереу: «Уа, Құдайым! Тәубе еттім, Өзіңнен кешірім сұраймын, дертімнен айықтырғайсың!» деп сабасына түседі.
Түп негізіне мән беретін болсақ дерт Жаратқанның пендеге берген нығметі, емтиханы болып саналады. Шалдыққан дерті себебінен оның күнәлары кешіріледі, амалдар кітабына сауаптар жазылады, ақыреттегі мәртебесі көтеріледі. Не үшін? Әрине, сабыр сақтағаны үшін, үмітін тек бір Алладан күткендігі үшін, Алланы көбірек еске алғандығы үшін..
Жалпы айтқанда дерт өлімді және ақырет әлемін пенденің көз алдына келтіріп қояды. Сол үшін де «Дәрігер дәрігер емес, басынан өткерген дәрігер» деген сөз де бекер айтылмаса керек.
Көрнекті араб жазушысы Жубрән Хәлил Жубрән: «Ауру — науқас жүрегіңіз шипа табуы үшін Ұлы Дәрігер (Алла) жіберген ащы дәрі», деген екен. Халқымызда «Ауру Құдайдан, дауасын да Оның Өзі береді» деген қанатты сөз бар. Осы жерде бір нәрсені айта кеткенді жөн көріп отырмын. Егер қандай да бір адам кенеттен ауырып қалып, дәрі-дәрмек қолданатын болса, қолданатын дәріні ішердін алдында асықпастан: «Аллаһым, Маған осы дәрі арқылы шипаңды бергейсің!» деп, құдыреті күшті Аллаға деген сенімімізді қуаттап алғанымыз дұрыс екен. Өйткені, сеніміміз, үмітіміз басым болатын болса, қара судың өзі де бойымызға дауа болатыны сөзсіз.
Шығыс халықтарында «Бос қап тік тұрмас» деген мақал бар. Адам өмір сүруі үшін тамақтануы керек, тамақтану үшін өмір сүрмеуі керек. Тіршіліктегі шаруалардың қамына алданбай, бір сәт денсаулыққа да уақыт бөлуіміз керек.
Ибн Сина сау-саламаттылықта, ұзақ өмір сүрудің сырлары жайында: «Денені әркез дұрыс шынықтыру, уақытында дұрыс тамақтану, еңбекпен айналысу және көп уайымдаудан аулақ болу» деген сияқты өз сырларымен бөліскен екен.
Дін қызметкері ел ішінде болатын кейбір түрлі науқастанған адамдар жанына барып, шипа үшін дем салып, азды-көпті айтып жүрген насихатымызды баспасөз арқылы да оқырманға жеткізгенді жөн көрдік. Ауырмаңыз, ауырмаудың жолын қарастырыңыз!
Адам деген пенде екен,
Мүсәпір болу демде екен,
Қайран кеткен денсаулық,
Барлық байлық сенде екен!!
Ү.Сабырханов,
«Әл-Хақ» мешітінің имамы
Тұрар Рысқұлов ауданы.