«Қызықты балалық шақ” қызықты өтті
Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда жетілу кезеңі. Сонымен қатар, ол – білім алушылардың жыл бойғы жұмсалған энергияны жағымды эмоциялармен орнын толтыру, иммунитетін нығайтып, оларды сауықтыру кезеңі болып табылады.
Қазіргі таңда денсаулық адамның бойында ешбір сырқаттардың жоқтығы ретінде емес, ол – адамның толық физикалық, рухани, әлеуметтік жағдайы ретінде қарастырылады. Сол себепті, жазғы демалыс бала үшін денсаулығын нығайтуға қолайлы кез ретінде қарастырылып, оның дара тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды. Мектеп жанындағы лагерь – жаңа ақпаратты шығармашылыққа айналдыратын, өзінің қызығушылықтарын қанағаттандыратын орын. Жоғарыда аталған барлық шараларды іске асыру – ұжымымыздың басты міндеті екенін ескере отырып, мектептерде бір күндік «Қызықты балалалық шақ!» атты іс-шара ұйымдастырдық.
Негізгі мақсат – әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру болып табылады.
Іс-шаралар әнұран орындаумен басталып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі психологиялық тренингтермен, баланың зейінін, ойлауын, қиялын дамытуға арналған арнайы ойындармен, ритмикалық билермен, көңілді әуендермен, эстафеталық ойындармен жалғасты. Ойындар лагерь тәрбиеленушілерінің көңілдерінен шығып, балалардың жаңа қырынан көрінулеріне көмектесті. Балалар мен мектеп ұжымы іс-шара соңында өз разылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
«Қызықты балалық шақ!» атты іс-шараны қорытындылау мақсатында балаларға әр түрлі номинациядағы алғыс хаттар беріліп, тәттілер таратылды.
Ұлдана Қамшыбекова,
«Жас натуралистер станциясы» КММ-нің әдіскері.