Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Ауыл аманаты» жобасының іске асыру барысы қаралды.
Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға облыс бойынша 24 миллиард теңге бөлінуде. Бұл қаражатпен жалпы 70 мыңға жуық тұрғыны бар 10 ауданның 26 ауылдық округі қамтылады.
Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, жобаның бірінші бағыты бойынша (жеке қосалқы шаруашылықтарда жер учаскелерін тиімді пайдалану) 414,3 млн. теңге, екінші бағыт бойынша (мал шаруашылығын дамыту) – 14,1 млрд. теңге көлемінде 92 мың бас мал сатып алу жоспарлануда. Үшінші бағыт бойынша (ауыл сыртындағы бос жерлерді тиімді пайдалану) – 412,5 млн. теңге, төртінші бағыт бойынша (кооперативтер құру) – 2,6 млрд. теңгеге 296 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, бесінші бағыт (бизнес-жобаларды қаржыландыру) бойынша – жалпы көлемі 1,0 млрд. теңгеге 148 жобаны іске асыру көзделуде.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен 4 тамызына дейін жалпы көлемі 1,9 млрд. теңгеге 321 өтінім түскен.
Айта кетейік, бұған дейін аймақ басшысы жеке қосалқы шаруашылықтарды суармалы сумен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген болатын. Байзақ, Жамбыл аудандарында 199 құдық қазу, Талас ауданында ұзындығы 1 шақырым арықтарды тазарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Т.Рысқұлов ауданында ұзындығы 12 шақырым каналды жөндеу үшін ЖСҚ дайындауға қаражат бөлінуде.
Аудандардың ақпаратына сәйкес, Қордай, Сарысудағы ауылдық округтер толығымен суармалы сумен қамтамасыз етілген.
Аудан әкімдерінің есептерін тыңдаған Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға бөлінген қаражатты уақтылы және сапалы игеруге, халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, ірі қара малды қолдан ұрықтандыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.