Жеңіс туы желбіресін!
97 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Өткен аптада ауданымызға облыс әкімінің аппарат басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлы жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында Мәди Мейірбекұлы ең алдымен Көгершін ауылындағы спорт кешенінің, 90 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен және ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның жұмыс барысымен танысты.
Аталған спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары бүгінде толығымен аяқталып, жақын күндері ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, облыс әкімінің аппарат басшысы Құлан ауылында салынып жатқан 300 орындық жаңа білім ошағының құрылыс жұмыстарын көріп, жауапты мердігерлермен құрылыс нысанының сапалы әрі уақтылы аяқталуы туралы пікір алмасты.
Мәди Мейірбекұлы ауданға жұмыс сапары барысында ауданның зиялы қауым өкілдерімен, аудандық ардагерлер және билер, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Аудандық мәдениет үйінің жанындағы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде өткен кездесуге аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов, аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова, билер кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов қатысты.
Кездесуде жастар тәрбиесі туралы өзекті ойлар айтылды. Оларды «өсектен» көз ашпайтын әлеуметтік желінің құрсауынан арылтып, саналарына ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, тәрбие беру мәселесі – осы кездесуде кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында Мәди Мейірбекұлы мектеп және ата-ананың балаға берер тәрбиесі, Аналар кеңесі мен Әкелер кеңесінің жұмыстарын ұштастыра отырып күшейту, жас ұрпақтың ғаламтордан және әлеуметтік желілерден алатын ақпараттарына шектеу қою сынды өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
Содан соң, облыс әкімінің аппарат басшысы Мәди Мейірбекұлы ғасырлық тарихы бар Құлан агротехникалық жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысты.
Аталған колледжде ауданның білім саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлермен және сала ардагерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, біршама танымды ойлар айтылып, пікірлер тыңдалды.
Мәди Мейірбекұлының Тұрар Рысқұлов ауданына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен актив жиналысында түйінделді.
Жиналыста мемлекеттік басқару ісіне қатысты оябы бөлек пікірлер айтылды. Мәди Мейірбекұлы сөзінің соңында ұлттың тұтастығы берік болса, ел іргесі әрдайым тыныш болатынын жеткізді.
М. Аятберген.